Алматыда балқар халқының ақыны Қайсын Құлиевті еске алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде туысқан балқар халқының белгілі ақыны  Қайсын Құлиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жиынның өтуіне ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы мен университеттің Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасының ұжымы мұрындық болды.

Қайсын Құлиевтің шығармашылығына арналған дөңгелек үстелге Шығыстану факультетінің деканы Ықтияр Палтөре, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымындағы Қазақстанның өкілі Асқар Тұрғанбаев, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай, Түркі мәдениеті орталығының басшысы Ахмет Дағдұран, әдебиетші ғалымдар Дандай Ысқақұлы мен Әлімжан Хамраев, «Тұран әлемі» қоғамдық ұйымының басшысы Карлин Махпиров, ақындар Әділғазы Қайырбеков, Мақпал Мыса және Қазақстандағы түркітілдес халықтардың өкілдері, университет оқытушылары мен студенттер қатысты.
null

Жиында сөз алған Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымындағы Қазақстанның өкілі Асқар Тұрғанбаев Қайсын Құлиевтің 100 жылдық мерейтойы түркі әлемінде қалай аталып өткені жайлы ақпаратпен бөлісіп, осы бағыттағы ТҮРКСОЙ ұйымының Әзірбайжан, Қырғызстан, Қазақстан және Түркияда өткізген шаралары туралы әңгімелеп берді. 

Шара барысында Қайсын Құлиевтің жеті тілде сөйлеген «Тәңірінің қылышы» атты кітабі мен «Бұл таулар тұрып тұрғанша»   деп аталатын олеңдер жинағының тұсауы кесілді. Екі кітапты да Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы басып шығарған.
null

«ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы түркі дүниесіне қатысты шараларды ұдайы жоғары деңгейде ұйымдастырып келеді. Қайсын да - түркі жұртына ортақ үлкен тұлға. Ол - үлкен тағдыр иесі. Ақындықтың бақытын да, азабын да кешті. Халқымен бірге айдауда да болды. Соғыстың да ауыртпалығын көрді. Балқар деген халықтың байрағын көтеріп, балқардың алмас қылышы болып,тұтас халықтың үніне, жырына, намысына айналды», - дейді ақын, Қазақстан жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай.

Сонымен бірге профессор, әдебиет сыншысы Дандай Ысқақұлы  Қайсын Құлиев шығармаларын оқыту мен түркіге ортақ әдебиет оқулығын жазу мәселесіне кеңінен тоқталды. Әдебиет зерттеушісі, профессор Әлімжан Хамраев та ортақ әдеби дәстүрлер туралы ой қозғады.
null

Жиын соңында еліміздегі түркі халықтарының өкілдері өз ойларын ортаға салып, Қайсын Құлиевтің балқар жұртында болған ұлы тойына қатысып қайтқан қаламгер Әділғазы Қайырбеков естелік айтып, ақынның өлеңдерін оқыды.

Соңғы жаңалықтар