+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Алматыда баласын ұрған ер адам жазаланды

2019 жылғы 15 қазан 14:12
Бөлісіңіз:
Алматыда баласын ұрған ер адам жазаланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда туған ұлын шыбын ұрғышпен соққан әке әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл фактіні Алатау аудандық полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылау кезінде анықтады. Ер адам баланы шыбын ұрғышпен салып жіберіп, содан кейін қолына жерде жатқан арматураны алды, бірақ онымен ұрмады.

«Жергілікті полиция қызметкерлері оқиғаны жедел тексерді. Бұл «Рахат» шағын ауданында болған. Бейнежазбадағы ер адамды бірден анықтадық. Оның 38 жастағы жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Ер адам бұл фактіні жоққа шығарған жоқ. Ол өзінің 2008 жылы туған ұлын осылайша тәрбиелегенін жеткізді. Отбасы толық. Тұрмысы жақсы. Оқу орнында балаға жақсы сипаттама берді. Учаскелік инспекторлар баланы ұру фактісі бойынша әкімшілік материал жинақтады. Бұл материал Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қарауына жолданады», - деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Берік Әбілбеков.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT