Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.05 EUR 428.25
RUB 5.84 CNY 54.65
Jańalyqtar

Алматыда баласын құтқару үшін ана отқа оранған үйге кіріп кеткен

2019 жылғы 14 тамыз 15:00 419
Бөлісіңіз:
Алматыда баласын құтқару үшін ана отқа оранған үйге кіріп кеткен

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Мерседес» көлігіндегі мас жүргізуші газ құбырын соғып, салдарынан бір үй өртке оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға кеше түнде Бостандық ауданының аумағында орын алды. «Мерседес» көлігіндегі мас жүргізуші газ құбырын соққан. Табиғи газдың ағуы салдарынан, тұрғын үй өртенді. Оттың ортасында қалған 11 жасар қызды және екі ер адамды полиция қызметкерлері құтқарды.

«Жолда алдымыздан бір әйел жүгіріп шығып, бүкіл отбасы үйдің ішінде қалғанын айтты, ол қатты қорқып кеткен. Өзі өртеніп жатқан үйге кіруге ұмтылды. Менің әріптесім, полиция сержанты Алмаз Әсетпен бірге үй иелерін табу үшін қызыл жалының ішінен іздеу туралы шешім қабылданды. Бақытымызға орай, жалын негізгі құрылымға жете алмады, бірақ өрт осы үйдің ауласындағы басқа ғимараттарды толығымен шарпыған.11 жастағы қызды және тағы екі ер адамды құтқарып үлгердік. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Өрт сөндіру бригадасы отты толықтай сөндірді», - дейді патрульдік полиция инспекторы Бауыржан Жексембиев.

Өз кезегінде, полицейлер баласының амандығы үшін отқа түсуге әзір болған әйелдің ерлігін айтты.

«Аналық махаббат – бұл ұлы сезім. Әйел қауіп-қатерге қарамастан, баласын құтқаруға дайын болды және бізге көп көмектесті», - деді аға сержант Жексембиев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Оқиға, ҚР ІІМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT