+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Алматыда баласымен жолдан өтіп бара жатқан әйелді көлік қағып кетті

2021 жылғы 5 ақпан 10:03
Бөлісіңіз:
Алматыда   баласымен жолдан өтіп бара жатқан әйелді көлік қағып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаяу жүргіншілер жолынан балалар арбасымен өтіп бара жатқан әйелді көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда лифт шахтасына құлап, ауруханаға түскен жігіттің жағдайы ауыр Бангладеште қайықтағы 16 адамды найзағай соғып, мерт болды Атырауда Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қарияны өрттен құтқарды

Қалалық полицияның мәліметінше, апат 4 ақпан күні болған.

«Кеше сағат 14.30 шамасында «Toyota Camry» автокөлігінің жүргізушісі Ганди мен Желтоқсан көшесімен қиылысында солға бұрыла беріп, жолдан өтіп бара жатқан жас ана мен сәби жатқан арбаны қағып кетті», - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің анықтау бөлімінің бастығы Олжас Шәріпов.

1989 жылы туған азаматша мен оның нәрестесіне медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды.

Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT