Алматыда баласымен бірге қайыр тілеген өзбекстандықтар ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы көшелерінде баласын ұстап жүріп қайыр тілеген Өзбекстанның үш азаматшасы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

30, 26, 21 жастағы әйелдер Қазақстанда жүруіне құқығы жоқ болып шықты. Олар ҚР Көші-қон туралы заңнамасын өрескел бұзып келген.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл заңбұзушылықтар «Демалыс» апталығы кезінде анықталды.

Әйелдер Сейфуллин мен Гоголь көшелерінің қиылысындағы жерасты өтпелі жолында аңызақ жерде балаларын құшақтап отырған.

«Әйелдер ҚР ӘқбК 449-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар Қазақстанда көші-қон заңнамасын өрескел бұзып келген. Онымен қоймай кішкентай балаларын аса үлкен қатерге тігіп келген», - деді Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметінің өкілі Лейла Әліпбаева.

«Демалыс» апталығы кезінде тәртіп сақшылары балалардың құқығына қарсы жасалған іс-әрекеттерге рейд жасап жатыр.

Атап айтқанда, кеше Хеллоуин түнінде ата-анасының қарауынсыз жүрген 105 бала бөлімшеге жеткізілді. 96 ата-ана балаларын бақылаусыз жібергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Соңғы жаңалықтар