Алматыда баланы соққыға жыққан тәрбиеші жазаланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда баланы соққыға жыққан тәрбиеші сотталды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

«Алтын-Ұя» жеке бала бақшасының тәрбиешісі Ж.Орынбекова 2015 жылдың 28 қазанында бақша тәрбиеленушісін соққыға жығып, оның денсаулығына жеңіл дәрежеде залал келтірген», делінген хабарламада.

Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты Ж.Орынбекованы ҚР ҚК 108-бабы (қасақана денсаулыққа жеңіл зиян келтіру) бойынша кінәлі деп танып, оған 25 АЕК есебінде 49 550 теңге айыппұл төлеуге міндеттеді.

Сот процессі барысында қылмыстық іс-әрекет дәлелденген соң, баланың ата-анасының пайдасына сотталушы Ж. Орынбековадан моралдық шығын өтемі ретінде 200 мың теңге өндірілді.

Соңғы жаңалықтар