Алматыда баланы қағып кеткен патрульге қатысты тексеру шаралары басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол-патруль полициясының көлігі 10 жастағы баланы қағып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы бүгін Жангелдин көшесінде болған. Әкімшілік полиция басқармасының арнайы батальон экипажы жол ережесін бұзып, қоғамдық көлікке арналған жолақпен қашқан жүргізушіні ұстамақ болған.

«Полиция көлігі дабыл белгісін қосып жүрген. Өкінішке орай, қызметтік көлік жүргізушісі көлік рөліне ие бола алмай, 2007 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Полиция қызметкерлері баланы жақын маңдағы медициналық орталық жедел жеткізді. Дәрігерлер баланың аяғы сынған деген диагноз қойды», - деді ІІД баспасөз қызметінен.

Жол-көлік оқиғасы бойынша анықтау шаралары басталды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар