Алматыда баланы емханаға онлайн тіркеу мүмкіндігі қосылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тұрғындары енді балаларды емханаға egov.kz порталындағы Telegram-бот көмегімен онлайн тіркей алатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Аталған қызметті енгізіп отырған «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлауынша, ол үшін адамдарға egov.kz порталында тіркелу керек жəне электронды цифрлық қолтаңба болуы қажет.

Сонымен қатар, 2007 жылы туған балаларды онлайн тіркеу мүмкін емес.

Ең алдымен қолданушы «Денсаулық» бөлімінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымды, артынан балаларға қызмет деген пунктті таңдайды.

Жүйеге баланың ЖСН-ні теріледі де, ақпарат АХАЖ бөліміне туыстық қатынасты анықтауға жіберіледі. Бұдан соң онлайн өтініш жазылады. Онда медициналық ұйым мен учаскелік дәрігер таңдалады.

Көп ұзамай тұрғынның жеке кабинетінде аталған өтініштің қабылданғаны болмаса қабылданбағаны белгілі болады.

Айта кету керек, Қазақстанда халықты емханаларда тіркеу науқаны жалғасып жатыр. Азаматтарға 15 қарашаға дейін тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаларға тіркелу міндеттеледі.

Алғашқы 5 аптада Алматыда 16 мың тұрғын емханаларға тіркеліп үлгерді.

Осыған дейін 2019 жылы медициналық қызмет толығымен электронды форматқа көшеді.

Соңғы жаңалықтар