Алматыда балаларға жармасып, мазасын алған бұзақы психиатриялық ауруханаға жатқызылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда балаларға жармасып, мазасын алған бұзақы психикалық денсаулық орталығына жатқызылды. Бұл туралы бүгін «ҚазАқпарат» тілшісіне Алматы қалалық ішкі істер департаментінен хабарлады.

«Ол ұсталды. «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды және Каблуков көшесі бойындағы психикалық денсаулық орталығына жатқызылды. Біздің білуімізше, оқиға орнында сексуалды сипаттағы әрекеттер болмаған. Бірақ, тексеру барысында басқа да деректер анықталуы мүмкін. Қазір одан жауап алынып жатқан жоқ. Емделіп шыққан соң ғана одан жауап алуға болады. Сондықтан, әзірге басқа ештеңе айта алмаймыз», - деді депертаменттен.

Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін 26 тамызда куәгерлер Тастақ-1 шағынауданында болжалды педофилдің ұсталғаны жайлы хабарлаған болатын. Олардың айтуынша, күдіктіні тұрғын үйдің тұрғындары ұстап алған.  

«Бұл оқиға «Тастақ-1» шағынауданында болды. Бұл жерде бірнеше ғана тұрғын үй бар. Мен балконға шығып қарасам, бір ер адам екінші ер адамды қуып бара жатыр екен. Артынша төбелес басталды. Содан ұлым екеуміз сыртқа жүгіріп шықтық. Тұрғындар оны ұстап алып, жерге жатқызып қойыпты. «Не болды?» - деп сұрап едім, сөйтсем ол балаларға тиісіпті. Жыныстық органын көрсеткенге ұқсайды. Кіре берісте бір кішкентай қызды өзіне тартыпты. Мұны көріп қалған көрші әйел айқайлай бастаған. Басқа көрші адам үйден жүгіріп шығып, оны қуып жүріп ұстап алған», - деді куәгер Юлия Шаповалова. 

Бұдан кейін, оны шұғыл жеткен полиция қызметкерлері алып кеткен. 

Соңғы жаңалықтар