Алматыда балаларға арналған жаңа орталық ашылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Наурызбай ауданында жаңа оқушылар сарайы бой көтереді. Бұл нысан балаларға арналған инновациялық орталық болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқушылар сарайы туралы Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай қоғамдық кеңес отырысында айтты.

«Қазір біз бұл мәселені қарастырып жатырмыз. Оқушылар үйінің жобасын әзірлеп қойдық. Оқушылар сарайын балаларға арналған инновациялық орталық деуге болады. Әкімдіктің жанына осы мақсатта 1 га жер бөлінді. Қазір ол жерде мұз айдыны тұр. Биыл мұз айдыны алынған соң орнына құрылысты бастаймыз», - деді аудан әкімі Санжар Тоғай.

Айта кету керек, бұл мәселе Бақытжан Сағынтаевтың есеп беру кездесуінде тұрғындар тарапынан көтерілген болатын. Наурызбай ауданының тұрғындары қаланың орталығындағы балаларға арналған үйірмелерге жету қиын деп шағымданған болатын.


Соңғы жаңалықтар