Алматыда балалардың телефонын тартып алуды кәсіп қылған адам ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы жасөспірімдердің телефонын тартып алуды кәсіпке айналдырған адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 33 жастағы ер адам өзін жасөспірімдерге полиция қызметкері ретінде таныстырып, тексеру үшін керек деген желеумен қолдарындағы телефондарын тартып алып отырған.

«Ол полиция киімін кимеген. Құжаттарын көрсетпеген. Сонда да қалада 3 баланың телефонын тартып алған. 14-16 жастағы балаларды таңдап алып, оларға өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған. Балаларға осы «ауданда қылмыс болғандықтан, телефондарды тексеріп жүрмін» деп сендірген. Осылайша бірнеше телефонды қолды еткен. Ал ұрлық жолмен алынған олжасын қолдан қолға сатып отырған», - деді Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы Болат Тотыбаев.

Қазір күдікті уақытша оқшаулау орнына қамалды.

Полиция бұл кісінің әрекетінен жапа шеккен адамдар болса, 254-48-75, 254-48-72, 8-775-222-24-51 және 102 телефондарына хабарласуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар