Алматыда балаларды ұрған тәрбиеші қылмыстық жауапкершілікке тартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда балаларды ұрған №37 балабақшаның тәрбиешісі қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, тергеу жұмыстарымен Алатау аудандық полиция басқармасы айналысып жатыр.

«Полицияға баланың анасы өткен түні арызданды. Бұл дерек ҚР ҚК 140 бабының 2-бөлімімен сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. 35 жастағы тәрбиеші қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Жақын арада іс материалдары сотқа жолданады», - деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кетейік, 2 мамырда болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті. Бейнекадрда ересек әйел 3-4 жас шамасындағы баланы жатын бөлмеден сүйреп шығып екінші бөлмеге апарып аяқ киіммен ұрғаны түсіп қалған. Артынан төсегіне жатып ұйықтай қоймаған екінші баланы да ұрып жатқаны көрінеді.

Бұған дейін балаларға қол көтерген №37 балабақша тәрбиешісі жұмысынан шығарылғанын хабарлаған болатынбыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Вчера 02.05.2019г воспитательница # 37 Ясли Сада избила ребенка 2016г/р,даже толком разговаривать не умеет, сегодня родители ребёнка по записи обнаружили эти видео. @akimat_almaty @qriim_mvdrk @tokayev_online @qazaqstan_eli @zjaloby_almaty_kz @almaty_chp ➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖ Подписываемся @almaty_dtp_rezerv👍Поддержите нас лайками. Каждый Ваш лайк помогает нашему паблику быть лучшим —— 💯 Полезный инстаграм для автолюбителей Отправляйте ваши объявления в DIRECT↗ Отмечайте нас @almaty_dtp_rezerv👈 Мы их объязательно опубликуем БЕСПЛАТНО! ➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖ #дтп #алматы #казахстан #чп #новости #пожар #гаи #штраф #нарушение #радар #криспи #авто #кража #астана #розыск #реклама #конкурс #розыгрыш #пдд #автохам #колесо #парковка #пешеход #наказание #безопасность #пдд #авто #машина #автомобиль #водитель #новость#паркуюсь_где_хочу_алматы

Публикация от Алматы | Almaty | Крисп (@almaty_dtp_rezerv) 3 Май 2019 в 8:38 PDT

Соңғы жаңалықтар