Алматыда балалар арасында омикрон штамы анықталған жоқ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда балалар арасында омикрон штамы анықталған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті.

«Бүгінгі күні коронавирус жұқтырған алматылық балалардан омикрон штамы табылған жоқ»,- деп хабарлайды департаменттен.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, инфекциялық ауруханаларда коронавирус жұқтырған 154 бала емделіп жатыр.

Айта кетейік мегаполисте 25 447 жасөспірім Pfizer вакцинасын салдырды.

Бұған дейін Алматыдағы 11 қалалық емхананың педиатрия бөлімінің меңгерушісі Зульфия Ибрагимова коронавирустың «омикрон» штамы балаларға қалай әсер ететінін айтып берген болатын.


Соңғы жаңалықтар