Алматыда балалар 1 маусымда қоғамдық көлікте тегін жүретін болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда балалар қоғамдық көлікте тегін жүретін болды. Мұндай сыйлықты 1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты қалалық тасымалдаушы кәсіпорындар ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қалалық әкімдіктің  баспасөз қызметі хабарлағандай, 1 маусымда 15 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді.

Дәл осындай акция қалалық Метрополитенде де ұйымдастырылды.

«Бір реттік акция халықаралық Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылып отыр. Ертең 15 жасқа дейінгі балалар таңғы 06:20 мен 23:30 аралығында метрода тегін жүре алады. Ол үшін балалардың жасын растайтын құжаттың фотосы болуы тиіс», - деді метроның баспасөз қызметінен. 

Айта кету керек, Алматыда балаларды қорғау мерекесі үш күн қатарынан тойланатын болды. 1 маусымда Алматыда жастар мен балалар музыкалық оркестрлерінің шеруі өтеді. Сонымен қатар, сауда және ойын сауық орталықтары алдында мерекелік концерттер жоспарланған.

2-3 маусым аралығында «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында отбасылық мерекелік шара - Family day өтеді. 

Соңғы жаңалықтар