+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Алматыда балаға дөрекілік танытып, жұлқылаған тәрбиешіге сот үкімі шықты

2019 жылғы 22 қазан 14:50
Бөлісіңіз:
Алматыда балаға дөрекілік танытып, жұлқылаған тәрбиешіге сот үкімі шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда балабақшада баланы жұлқылаған тәрбиешіге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен № 96 бөбекжай-балабақша тәрбиешісінің көмекшісі Ирина Шадских, ҚР ҚК 140-бабының, 2-бөлімі бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот оған 63125 теңге айыппұл салды. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуге байланысты қызметтерді атқару құқығынан 1 жылға айырды.

Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың қыркүйек айының соңында әлеуметтік желіде, төсекте жатқан баланы тәрбиеші ұрып жатқан видео пайда болды. Хабарламаның авторы сонымен бірге баланың суретін жариялап, үйге жиі көгеріп келетінін айтқан болатын.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Білім, Сот,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT