Алматыда BALAFEST фестивалі өтті

None
Фото: қалалық әкімдігі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Алматы BALAFEST – 2023» қалалық балалар фестивалінің қорытынды іс-шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған бұл мерекелік шараның қорытынды кезеңіне 1200 бала қатысты.

Фестиваль бағдарламасы танымдық ойындарды, спорттық эстафеталарды, шеберлік сыныптар мен көрмелерді, квесттер және театр қойылымдары сияқты көптеген іс-шараны қамтыды.


Әр аймақта қолөнер (крафт) ойындары, поэтикалық баттл, пластмассаны ұсақтау бойынша жарыс (бөтелке қақпақтары), бейнелеу өнері бойынша шеберлік сабағы ұйымдастырылды.

Фестиваль қала оқушыларын, ата-аналары мен педагогтарын біріктірді және әр бала үшін нақты мүмкіндіктер кеңістігіне айналды.


Балалар үшін фотоаймақ ұйымдастырылды, онда әркім танымал суретшілермен, спортшылармен, қолөнершілермен, әртістермен суретке түсуге мүмкіндік алады.

Басты алаңда 2023 жылдың халықаралық және республикалық зияткерлік олимпиадалардың 60 алтын медаль иегері марапатталды.

Аталған жетістіктер арқылы Алматы қаласының құрама командасы 18 жыл қатарынан «ҚР ең үздік олимпиада командасы» атанып келеді.

Фестиваль аясында эстрада жұлдыздары, балалар хореографиялық ұжымдары мен «Жұлдызды сәт» қалалық байқауы вокалистерінің қатысуымен мерекелік концерт өтті.

Айта кетейік, «Almaty BALAFEST» фестивалі алғаш рет Мемлекет басшысының қатысуымен 2022 жылы Балалар жылы аясында өткен болатын.


Соңғы жаңалықтар