+7 (701) 759 90 19
USD 409.19 EUR 461.24
RUB 5.67 CNY 58.26
Jańalyqtar

Алматыда балабақшалар қашан ашылады

2020 жылғы 30 мамыр 19:21
Бөлісіңіз:
Алматыда  балабақшалар  қашан ашылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 1 маусымынан бастап балабақшаларда кезекші топтар (жасы бойынша) ұйымдастырылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Карантин жағдайында балабақшалардың жұмысқа дайындығын объективті түрде бағалау мақсатында Білім басқармасының бұйрығымен құрамына эпидемиолог-мамандар, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері, аудандық әкімдіктер мен «Nur Otan» партиясының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірген 9 мониторингтік топ құрылды»,– деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта мониторингтік топ мүшелерімен мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтардың дайындығы тексерілуде. Балабақша дайындық актісін алғаннан кейін ғана ашылады.

Мектепке дейінгі ұйымдардың кезекші топтарын ашу үшін келесі санитарлық-эпидемиологиялық режимді қатаң сақтауы қажет:

- балаларды кезекші топтарға учаскелік педиатрдың денсаулығы туралы берген анықтамасымен қабылдау, одан кейін бала 3 жұмыс күнінен артық болмаған жағдайда тексеріп қабылдау;

- баланы мектепке дейінгі ұйымдарға мына санаттағы тұлғалардың әкелуіне болмайды: соңғы 14 күнде коронавирус жағдайлары тіркелген шет елдерден және өңірлерден келген тұлғалар, жүкті әйелдер, 65 жастан асқан тұлғалар, өткір респираторлық ауру белгілері байқалған тұлғалар;

- қызметкерлерді жұмысқа COVID-19-ға (ПТР, күні 7 күннен кешіктірілмеген) зертханалық зерттеудің теріс нәтижесі болуы ұсынылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT