Алматыда балабақшадағы үйірмелер мен секциялардың бағасы белгілі болды

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі қаланың мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту кәсіпорындары көрсететін қызметтерге баға белгілеу туралы қаулы әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулыға сәйкес, оқыту тілдері бойынша үйірмелер, шығармашылықты дамыту үйірмелері, хореография, шебер қалам, логика мен ойлауды дамытуға арналған үйірме, робототехника, ұлттық ойындар үйірмесі, спелеотерапия және спорт секциялары: каратэ, айкидо, таэквондо, бокс, баскетбол, футбол, көркем гимнастикаға айына сегіз сабаққа қатысу құны 3000 теңге.

Ал логомассаж бен логопед қызметі үшін - 4 мың теңге.

Құжат Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Соңғы жаңалықтар