Алматыда балабақша кезегінде 45 мың бала тұр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Білім беру басқармасының басшысы Гүлнар Қожабергенова брифинг барысында балабақшалардағы орын тапшылығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы балабақшаларына 1-6 жас аралығында 45 026 бала кезекте тұр. Оның ішінде 20 637 баланың жасы 3-6 аралығында», - деді Гүлнар Қожабергенова.

Басқарма басшысының айтуынша, 2019 жылы Алматыда – 560 орындық 3 мемлекеттік балабақша, 2618 орындық 113 жекеменшік балабақша ашылды.

Одан бөлек 640 баланы оқытуға мүмкіндік беретін 4 мемлекеттік балабақша ғимараты салынып жатыр. Бостандық ауданында 150 орындық балабақша бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағдарламасы аясында бой көтеріп келеді.

Айта кету керек, бүгін Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы балабақшаларға қатысты ата-аналардан жиі түсетін шағымдарды атады.

Соңғы жаңалықтар