Алматыда балабақша кезегінде 43 мыңнан астам бала тұр
Спикердің сөзінше, мегаполисте 910 мектепке дейінгі ұйым бар. Оның 193 -і мемлекеттік болса, қалған 717 -і жекеменшік балабақша.
«Қалада мектепке дейінгі білім беру саласындағы негізгі проблема- балабақашалардағы орын тапшылығы. Қазір 42 460 бала кезекте тұр. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 71,9%, 3-6 жас аралығындағы балаларды оқытумен қамту 92,9%»,- деді ол.
Айтуынша, қазіргі уақытта жекеменшік балабақшаларға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қаржы бөлініп отыр.
«610 жекеменшік балабақшада 38 968 орын орналастырылған. Әр балаға мемлекеттін 41197 теңге бөлініп отыр»,- деп атап өтті спикер.
Сонымен қатар, ол «Жас қанат» шағын ауданда 280 орындық балабақшаның құрылысы жүріп жатқанын атап өтті.
«Алматыда 2023 жылы мемлекеттік 720 орындық 3 балабақша. 2024 жылы 5 балабақша, 2025 жылы 2 мектепке дейінгі білім мекемесінің салу жоспарды»,- деді Әлия Сағиева.