Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.62 EUR 426.03
RUB 5.67 CNY 55.78
Jańalyqtar

Алматыда «Бақытты отбасы» көпбалалы отбасылар орталығы ашылады

2019 жылғы 13 ақпан 13:00 249
Бөлісіңіз:
Алматыда «Бақытты отбасы» көпбалалы отбасылар орталығы ашылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы билігі көпбалалы, көмекке мұқтаж отбасыларды қолдауға бағытталған жол картасын құрмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда көпбалалы аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталды #ЖақсылықЖаса: Қостанайда «Тегін такси» акциясы жүріп жатыр

Бүгін «Нұр Отан» партиясы бөлімшесінің кезектен тыс конференциясы барысында қала әкімі Бауыржан Байбек «Бақытты отбасы» жобасын қолға алуды тапсырды. Одан бөлек әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды қолдауға бағытталған жол картасын жасауды бұйырды.

Оның айтуынша, мұқтаж отбасыларға атаулы және әлеуметтік көмек көрсету партияның басты міндеттерінің бірі болып отыр.

«Көпбалалы отбасылар заң тұрғысынан да психологиялық тұрғыдан да көмекке мұқтаж болатыны анық. Біз оларға арнайы сондай орта қалыптастыруымыз керек. Ол үшін «Бақытты отбасы» орталығын құру керек. Бұл орталық көпбалалы аналарға жұмысқа тұру тағы басқа көмек көрсетумен айналысатын болады. Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған кешенді модель ойластыратын уақыт келді. Оған мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек, атаулы көмек, әлеуметтік төлемдер, демеушілердің көмегі кіретін болады. Аз уақытта әр отбасыға кіріп, олардың мұқтаждығына көз жеткізіп, қайта аралап шығу керек. Бұл бір реттік жұмыс емес, бұл жұмыстар жүйелі түрінде жүргізілетін болады», - деді Бауыржан Байбек.

Қала әкімі Әлеуметтік әл-ауқат және Стратегия мен бюджет басқармасына осы мәселелер бойынша нақты ұсыныстар жасауды тапсырды.

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT