Алматыда бағдаршамның қызыл түсіне өткен әйелді көлік қағып мерт қылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әйел адам бағдаршамның қызыл түсіне жүгіріп өтпек болғанда абайсызда жүйткіген көлік астына түсіп мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Райымбек даңғылы мен Тұрғыт Өзал көшесінің қиылысында болды.

Әйел бағдаршамның жасыл түсінің жануын күтпей қиылысты жүгіріп өтпекке әрекеттенген. Сол сәтте шығыс бағытта жүйткіп келе жатқан Мерседес көлігі тежегішті басып үлгермей, оны қағып кетті.

Қатты соққыдан әйелдің аяғы жұлынып қалды. Жаяу жүргінші сол жерде көз жұмды. Оқиға орнына полиция келіп жетті. Көлік айып тұрағына жіберілді. 

nullҚалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері 1 440 жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен. 57 адам қаза тауып, 1 460 адам жарақат алған.
Құқық қорғаушылар жол апатына көбінесе жаяу жүргінші себепкер болатынын айтады.
«Қалада «Жаяу жүргінші» шарасы өтіп жатыр. Екі күн ішінде ғана 368 адамға айыппұл салынып, ҚР ӘқбК 615-бабы бойынша 12 242 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.

Соңғы жаңалықтар