Алматыда бағдаршам істен шығып, Prado аунап қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Абай мен Брусиловский көшелері қиылысында бағдаршам істен шығып, көлік апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көлік жүргізушілерінің айтуынша, Toyota Land Cruiser Prado  Абай көшесімен батысқа қарай жол тартқан. Nissan Ekstrel Брусиловский көшесімен оңтүстікке бағыт алған. Екі көшенің қиылысында бағдаршам жұмыс істемей тұрған.   Дəл осы жерде жолдары түйіскен қос көлік соқтығысқан. Nissan  көлігі Toyota Prado-ны жанынан соғып, ол аунап қалды. Оқиға салдарынан екі адам зардап шекті.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

nullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар