Алматыда азық-түліктік емес базарлар 1 маусымнан ашылуы мүмкін

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда азық-түліктік емес базарлардың жұмысы 1 маусымнан бастап ашылмақ. Бұл туралы бүгін онлайн брифинг барысында қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін қала әкімдігі Сауда үйлері, Сауда орталықтарының 25 мамырдан бастап ашылатынын хабарлаған болатын .

«Барлық базарлар бір мезетте ашылады деген сөз емес. Азық түліктік емес базарларға келсек, олардың көпшілігі санитарлық нормаларды орындаған жағдайда ғана ашылады. Комиссия шешіміне сәйкес, мұндай нысандар аудиттен өткен соң 1 маусымнан бастап ашылуы мүмкін. Нысандарды ашу олардың әзірлігіне міндетті бағалау жүргізілгеннен кейін ғана мүмкін болады», - деді басқарма басшысы Еркебұлан Оразалин.

Бұдан бұрын жабылған базарлардың қызметіне қойылған шектеулерді алу кезең-кезеңмен жүргізілетін болады.

2020 жылғы 25 мамырдан бастап, босаңсудың кезекті кезеңінің шеңберінде, қалада барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, сондай-ақ бұдан бұрын жабылған азық-түлік базарлары мен әмбебап базарлары азық-түлік қатарларының, санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келген жағдайда, олардың қызметіне қойылған шектеулерді алу жоспарланып отыр.

Шектеулер алынғаннан кейін 5 арнайы ХҚКО, 2 Миграциялық қызмет көрсету орталығын және 2 Цифрлық қызмет көрсету орталығын қоса алғанда 16 фронт-офистің қызметі қайта басталады. Оның арқасында 1600 астам адам, оның ішінде, клиенттермен тікелей байланыста жұмыс істейтін 933 фронт-офис қызметкері жұмысқа оралады деп болжанып отыр.

Бағалау жүргізуге берілетін тапсырыс күн сайын сall-centre (+7 775 882 55 39, +7 775 882 57 08, +7 775 882 55 46, +7 775 882 54 16, +7 775 882 56 02, +7 775 882 53 12, +7 775 882 56 49, +7 775 882 52 00, +7 775 882 56 72, +7 775 882 53 92), сондай-ақ электрондық пошта (нысандардың орналасу орындары бойынша: [email protected] – Алмалы ауданы, [email protected] – Әуезов ауданы, [email protected] – Бостандық ауданы, [email protected] – Жетісу ауданы, [email protected] – Наурызбай ауданы, [email protected] – Түрксіб ауданы) арқылы қабылданады.

Облыста тұратын қызметкерлерге қалаға кіруге және қаладан шығуға рұқсат берілді. Қалаға кірудің міндетті шарты олардың деректерін almaty.infokazakhstan.kz. базасына енгізу болып табылады. Нысандарды тіркеу олар жұмысқа баруға рұқсат алғаннан кейін мүмкін болады.

18 мамырдан бастап қандай нысандар ашылғанын хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар