Алматыда азық-түлікті жеткізу арналары қалпына келтірілді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгінде Алматы қаласы мен ҚР өңірлерінің өндірушілерінен азық-түлік жеткізу арналары қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ірі наубайханалар күніне 150 тонна әлеуметтік нан шығарады, кәсіпорындар толық қуатында жұмыс істеп тұр.

Бакалея, сүт өнімдерін, жұмыртқа, көкөністерді жеткізушілер мен өндірушілер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта барлық сауда желілері мен ірі дүкендер жеткізіліммен қамтамасыз етілген. Әлеуметтік маңызы зор азық-түлік тапшылығы байқалмайды.

12 қаңтарда В, С класс дүкендеріне азық-түлік жеткізуді қамтамасыз ету бойынша жедел желіге 15 қоңырау келіп түсті, жедел режимде жеткізу ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта 970 дәріхананың 887-сі 9.00/10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді, оның ішінде 315 желілік және 572 бөлшек дәріхана.


Соңғы жаңалықтар