Алматыда азық-түлік жәрмеңкесі өтуде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ескі алаңда ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, қала тұрғындары арзан азық-түлік сатып алуда.

Мұнда Алматы облысының 16 ауданынан және Текелі, Талдықорған, Қапшағай қалаларынан келген фермерлердің жалпы көлемі 170 тонна болатын ет, сүт, жеміс-көкөніс өнімдері саудаға шығарылды. Атап айтқанда, алматылықтар 62 тонна ет өнімдері, 100 жеміс-көкөніс, 3 тонна сүт өнімдерін нарықтық құнынан 15-20 пайыз арзан бағамен сатып алуда. Ауылшаруашылық жәрмеңкесі тауарларының сапасы мен бағасын қала әкімі Ахметжан Есімов пен Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов бағалады.

Соңғы жаңалықтар