Алматыда азық-түлік пен дәрі тегін жеткізілетін болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы тұрғындарына азық-түлік пен дәрі-дәрмек тегін жеткізілетін болады. Қала әкімдігі мен Glovo компаниясы осындай уағдаластыққа қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы тұрғындарына айтатын хабарым бар. Біз ірі компаниялардың бірі Glovo компаниясымен бірге тегін жеткізу мәселесінің шешімін таптық. 5 сәуірде Алматы тұрғындарына азық-түлік пен дәрі-дәрмек тегін жеткізіледі. Әр 3 күн сайын компания осындай акция өткізіп тұруға ынта білдірді»,- деді қалалық Кәсіпкерлік пен инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин.

Оны айтуынша, әкімдік жеткізу нарығындағы барлық компаниялармен тығыз қарым-қатынас орнатып жатыр.

«Бұл жерде тек мейрамханалардағы тамақ қана емес азық-түлік, ет, көкөніс, дәрі-дәрмек те тегін жеткізіледі», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар