Алматыда азық-түлік дүкендерінің жұмысына да карантин талаптары енгізілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда азық түлік дүкендерінің жұмысына да карантин талаптары енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановтың айтуынша, 5 адамнан артық адам жиналған сауда орындары жабылады.

«Бізге қала тұрғындарынан көп сауалдар келіп жатыр. «Адамдар көшеге, дүкендерге баруға бола ма» деп сұрап жатыр. Азық-түліктен басқа зат сататын, қызмет көрсететін жерлер түгел жабылады. Тек азық-түлік сататын дүкендер ғана жұмыс істейді. Олардың өзіне ерекше санитарлық эпидемиологиялық талаптар енгізіп жатырмыз. Дүкендерде 5 адамнан, ұзындығы 1,5-2 метрден артық кезек болмауы тиіс. Бұл қашықтық арнайы сызықпен белгіленуі керек. Осы талаптарды орындамаған сауда орындары міндетті түрде жабылады», - деді Е.Қожағапанов.

Оның айтуынша, ашық ауада жаппай жаттығу жасау, ойын ойнау да адам ағзасы үшін қауіпті болмақ.


Соңғы жаңалықтар