Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Алматыда азық-түлік бағасын тұрақтандыруға қосымша қаржы бөлінді

2022 жылғы 20 маусым 21:35

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін қанша қаражат жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азық-түлік нарығындағы қалыптасатын жағдайды және бағаның өсуін ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мақсатында бұрын бөлінген 11 млрд теңгеге қосымша 4 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаражат қант, нан, ет, көкөніс пен сүт өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді», - деді қала әкімі мәслихат отырысында.

Бұған дейін мегаполисте қант бағасы шарықтап кеткені туралы жазған болатынбыз.

https://www.kazinform.kz/kz/almatyga-zhetkiziletin-kant-kolemi-ulgaytyldy_a3946497

Қантқа деген сұранысты өтеу мақсатында кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы өнімді жеткізу көлемін арттырған.

Алматыға күніне 300-500 тонна қант жеткізіліп жатыр.


Автор:

Алма Мұқанова

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары