Алматыда азық-түлік бағасын тұрақтандыру қалай жүріп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов Өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен брифингіде бағаны тұрақтандыру мен кәсіпкерлерге көрсетілген қолдау шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарт тілшісі.

Мақсат Қиқымовтың айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына Үкімет бекіткен 19 түрі жатады – 1 сұрыпты ұн, қарақұмық, күріш, кеспе, күнбағыс майы және сары май, құс еті, сиыр еті, сүт, айран, ірімшік, 1 санатты жұмыртқа, қант, тұз, нан, картоп. Пияз, қырыққабат, сәбіз.

Сонымен қатар, ол бағаның өзгеруіне маусымдық науқан әсер ететінің айтты.

«Көкөністі алсақ, оның бағасы маусымдық сипатқа ие. Мәселен, қырыққабатты алайық. Қазір Түркістан облысындағы шаруалар өнімнің барлығын жинап алды. Енді оны қоймада сақтау керек. Мұның барлығы бағаға әсер етеді, яғни әр ай сайын қырыққабаттың бағасы өсіп отырады. Оның үстіне Ресейде көкөніске сұраныс жоғары болып тұр. Біз баға шарықтап кетпес үшін алдын ала аграрлық компаниямен келіссөз жүргіздік, жыл басында олар бізден жеңілдігі бар қарыз алды. Олар Алматы қаласы үшін шаруалардан белгіленген мөлшерде көкөністі алдын ала жинап қойды. Енді соны жеткізіп отырады. Яғни сәуір айына дейін «Магнум» сауда желісінде қырыққабаттың келісі 90 теңге мөлшерінде болады», - дейді Мақсат Қиқымов.

Сондай-ақ, «Ет дүкендері» жобасы іске қосылды, онда қолжетімді бағамен сиыр және қой етін сатылады, бағаны тұрақтандыру сиыр етінің жауырын-төс бөлігінің бір келісі 2 050 теңге. «Жұлдыз», «Түрксіб» базарларында екі сату орны жұмыс істейді. Қаланың 7 ірі базарында «Ет дүкендерін» ашу арқылы жобаны кеңейту жоспарланып отыр.

«Айналым сызбасының» шеңберінде қарыздар берілді, соның нәтижесінде ӘМАТ-тың 60 мың тоннадан астам көлемде 19 позициясы бойынша баға шарықтамай тұр, бұл қала бойынша бағаны 35%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Магнум желісінің 54 сауда орны, Тоймарт сауда желісінің 14 сауда орны, Асыл еттің 5 дүкені қамтылды»,- дейді ол.

Оған қоса ШОБ-ті қолдауға арналған «Еңбек», «Бизнестің жол картасы 2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Алматы бизнес – 2025» бағдарламалары іске асып жатыр. Сондай-ақ Алматы әкімдігінің бастамасымен бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейтін Qoldau орталығы іске қосылған.


Соңғы жаңалықтар