Алматыда азық-түлік бағасы қалай реттеледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» АҚ басқарма төрағасы Асқар Білісбеков әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын ұстап тұру бойынша қабылданған шаралар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация АҚ басқарма төрағасы Асқар Білісбековтың сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта ӘКК әлеуметтік маңызы бар азық- түлік бағасын ұстап тұру үшін күш салуда. Атап айтар болсақ, нан, ұн, сиыр, тауық еті мен көкөніс өнімдері.

«Мен атқарылған жұмыстар туралы айтқым келеді. Бізде бірқатар азық-түліктердің бағасы төмендеді. Атап айтқанда, қант (19,3%), қырыққабат (17,2%), сүзбе (7,8%), сәбіз (1,7%), күнбағыс майы (0,5%) төмендеді », - деді Асқар Білісбеков.

Оның айтуынша, өндіруші компаниялармен бірлескен күш-жігердің арқасында сиыр етінің бағасы 1900 теңге деңгейінде сақталуда. Бүгінгі күнге дейін 100 млн астам теңгеге 60 тонна ет өнімдері сатылған.

«Бағаны реттеудің негізгі тетігі - тұрғындардың тұратын жеріндегі «демалыс жәрмеңкелері». Бұл жәрмеңкелерге айына 240 мыңнан астам адам келеді, тауар айналымы 6 миллиард теңгеден асады », - деді спикер.

Әкімдік картоптың келісін -145, сәбізді -162 теңге, пияз бағасын -130, сондай-ақ қырыққабатты 200 теңгеден асырмауды көздеп отыр. Бұл бағалар 2020 жылдың сәуір айына дейін ғана белгіленген.

Бұған дейін Алматыда әлеуметтік нан бағасы 2020 жылдың 1 ақпанына дейін көтерілмейтіні хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар