Алматыда Әзербайжан тарихы мен мәдениеті орталығы ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  Шығыстану факультетінде Әзербайжан Демократиялық Республикасының 100 жылдығы қарсаңында Әзербайжан тарихы мен мәдениеті орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Рашад Маммадов тарих және мәдениет орталығының ашылуына атсалысқан тұлғаларға алғыс айтты.

«Бұл орталық бауырлас елдер арасында білім мен ғылым саласындағы қарым-қатынасты нығайтуға, екі елдің жоғарғы оқу орындарының байланысын бекіте түсуге сеп болады.  Сондай-ақ, бұл жерден сіздер біздің еліміз туралы ауқымды ақпаратты тікелей таба аласыздар. Әзербайжан еліне қатысты зерттеу жұмыстарыңыздың қайнар көзі болмақ», - деді Рашад Маммадов.

Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылған мәдение шара аясында  Түркі халықтарының қос тұлғасы, Әзербайжанның ұлы ақыны Хусейн Джавидтің 135 жылдығы, Әзербайжан халқының көшбасшысы Гейдар Әлиевтің 95 жылдығына қатысты конференция өтті.

Халықаралық Түркі Академиясының Президенті  Дархан Қыдырәлі Түркі әлемінің мақтан тұтатын азаматтарын ұлықтау шарасы Астанадан бастау алғанын тілге тиек етті.

«Азаттықтың жаршысы ретінде бүкіл әлемге Әзербайжан әдебиетін танытқан Хусейн Джавидтің 135 жылдық мерейтойы Астанадан,  Алматыдан, ҚазҰУ-ден басталып жатқаны біз үшін үлкен қуаныш.  Хусеин Джавид  Мағжан (Жұмабаев .ред) сияқты ұлы ақын болған. Ал тура сол Әзербайжан халық Республикасы құлап жатқан кезде,  Әзербайжан Социалистік Республикасы құрылған тұста дүниеге келген бүкілхалықтық  лидер  Гайдар Әлиев те түркі әлемінің  мақтан тұтар тұлғаларының бірі», - деді Дархан Қыдырәлі.
null

Соңғы жаңалықтар