+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыда Әзербайжан мен Қазақстанның бірлескен халықаралық фото көрмесі өтті

2021 жылғы 21 қазан 22:30
Бөлісіңіз:
Алматыда Әзербайжан мен Қазақстанның бірлескен халықаралық фото көрмесі өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Әлемнің мәдени мұра жауһары – Гобустан жартас суреттері» атты халықаралық фото көрмесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында Гобустан мемлекеттік тарихи-көркем қорық мұражайы (Әзербайжан) және «Таңбалы» мемлекеттік табиғи қорық-мұражайымен (Қазақстан) өткізген фото көрмесінде отандық және шетелдік музейтанушылар, археологтар, сарапшылар қатысты. Көрменің мақсаты жайында «Таңбалы» мемлекеттік табиғи қорық-мұражайының директоры Мадияр Әмірғалиев айтып берді. «Шараның мақсаты Әзербайжан мемлекетінің Гобустан мемлекеттік тарихи-көркем қорық мұражайы мен Қазақстанның «Таңбалы» мемлекеттік табиғи қорық-мұражайы арасындағы әріптестікті нығайту. Әзербайжанда Гобустан болса, Қазақстанда Таңбалы. Екі елде де петроглифтер салынған тастар жетерлік. Сол себептен қазір бір-бірімізбен тығыз қарым-қатынас орнатып жатырмыз. Сондай-ақ, бүгінгі көрмені екі ел арасындағы тәжірибе алмасу алаңы десе болады. Бүгін екі елдің ғалымдарының кездесулері онлайн емес, офлайн форматта өтуде. Бізге Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігінің Таңбалыны әлемдік деңгейде таныту бойынша қойған тапсырмасы бар. Сол себепті бүгінде біз жартас бетіндегі суреттердің эстетикалық бейнесін жаңғырту, петроглифтер кешендері бар шетелдік мұражай-қорықтарымен ынтымақтастықты жолға қою, сондай – ақ, бүкіл әлем бойынша ең ірі, әдемі және аса маңызды болып саналатын Қазақстан петроглифтер кешендерінің мәдени мұра нысаны ретінде қалың жұртшылықтың назарын аудару бағытында жұмыс жүргізудеміз»,- деді ол.

Гобустан мемлекеттік тарихи-көркем қорық мұражайы туралы және сапарының мақсаты туралы мұражайдың директоры Вугар Исаев айтып берді.

«Гобустан мемлекеттік тарихи-көркем қорық мұражайы 1966 жылы құрылған. Оның негізін қалаушы Әзербайжан елінің атақты археологы Исхак Джафарзаде. Гобустан қорығы Баку қаласынан оңтүстікте 65 шақырымда орналасқан. Қорық аумағы 4 535 га. Біздің келудегі негізгі мақсатымыз – қазақ халқын Әзербайжан, Гобустан тарихымен жақынырақ таныстыру және Гобустан мемлекеттік тарихи-көркем қорық мұражайы мен «Таңбалы» мемлекеттік табиғи қорық-мұражайы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасасу. Ертең «Таңбалы» қорық-мұажайында осы Меморандумға қол қоятын боламыз»,- деді спикер.

Айта кетейік, аталған көрме сондай-ақ, өңірлік, ұлттық және халықаралық білім беру деңгейлерінде петроглифтерді қорғау және сақтау бойынша шұғыл шаралар қабылдауға бағытталған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Думан Арғынгелді

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT