+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

Алматыда әзербайжан мәдениеті мен салт-дәстүріне арналған мерекелік іс-шара өтті

2019 жылғы 8 қараша 22:22
Бөлісіңіз:
Алматыда әзербайжан мәдениеті мен салт-дәстүріне арналған мерекелік іс-шара өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Қазақстандағы әзербайжан этносының мәдениеті және салт-дәстүріне арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Көптеген ұлт өкілдері халқымыздың мейіріміне бөленді - Дәурен Абаев ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің 10 жылдық жұмысы қорытындыланды Қостанай облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті

Достық үйінде өткен шарада әзербайжан этномәдени бірлестігінің мәдениеті мен дәстүрлері күнімен құттықтаған ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Қ.Түймебаев: «Қазақстанда 110 мыңнан астам әзербайжандықтар тұрады. Олардың басым көпшілігі еліміздің оңтүстігінде – Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларын мекен етеді», - дей келе, әзербайжандардың Қазақстанға қоныс аудару тарихы жайлы да айтып өтті.


Әзербайжан этносы Қазақстанда тұратын халықтардың саны бойынша 10-шы орында. Алматының өзінде 10 000-ға жуық әзербайжан тұрады.

«1992 жылы Қазақстанда «Тұран» тұңғыш әзербайжан мәдениет орталығы құрылған болатын. 2007 жылы «Әзербайжандар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды. Жалпы, бүгінгі күні елімізде 32 әзербайжандық этномәдени бірлестік жұмыс атқаруда. Әзербайжан тілінде «Ватан» газеті шығарылып тұрады. Мемлекеттік тіл мен әзербайжан тілін үйрететін, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, музыка және би үйрену курстары жұмыс істейді. «Бахар» бишілер тобы, ұлттық-аспап және фольклорлық ұжымдар құрылғанын» атап өткен Жансейіт Түймебаев, қызықты мәліметтерге толы баяндамасы барысында Қазақстандағы мақтан тұтар, өткен жүзжылдық пен қазіргі кезеңде танымал болған әзербайжандар жайлы айтып өтті.

«Абилфас Хамедовтың жетекшілігімен Әзербайжандар қауымдастығының мүшелері этносаралық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етіп, еліміздің қоғамдық-мәдени өміріне үлес қосып отыр» деген Жансейіт Түймебаев, аталған шараның өтуіне ұйытқы болып, өз үлесін қосқан «Әзербайжан қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абилфас Хамедовке және барлық ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Фестиваль аясында «Халықтың бірлігі – Елдің күші» тақырыбында дөңгелек үстел, қолданбалы өнер көрмесі, «Кітап – халықтың жан дүниесін білудің кілті» атты кітап көрмесі, шығармашылық ұжымдардың концерті, сондай-ақ «Достық дастарханы» атты әзербайжандардың ұлттық асханасы тағамдарының көрмесі ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту; қазақстандық этнос өкілдерінің мәдениетін насихаттап, азаматтық біртектілік қалыптастыру; қазақстандық бауырлас халықтар арасында әріптестік байланыс орнатып, достық қарым-қатынастарды арттыру.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT