Алматыда азаматтық қоғам мәселелері талқыланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Даму тарихы: Іштен көзқарас» Х халықаралық Азаматтық қоғам конференциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы» заңды тұлғалар лигасының бастамасымен өтіп жатқан жиында басты мақсат - аймақтағы демократиялық дәстүрлердің нығайтуға күш салу болып отыр.

«Елде үкіметтік емес ұйымдардың желісі 3 есеге артқан. Қазір Қазақстанда 20 мың бейресми ұйым тіркеліп, жұмыс істеп жатыр. Бұл азаматтық қоғамның дамуы қарқынды жүріп жатыр дегенді, биліктің азаматтық қоғаммен байланысы бар, дәстүрлі диалог алаңдары бар екенін білдіреді», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова.

Қырғызстанның экс-президенті, қоғам қайраткері Роза Отынбаева Орталық Азия әлемдегі маңызды геосаяси учаске екенін айтты.

«Біздің әрқайсымыз ерен тұлғамыз, бірақ біз біріксек қана күштіміз. Азаматтық қоғамды дамыту жобасы Орталық Азияда азаматтар қауымдастығын құруға мүмкіндік береді», - деді Р. Отынбаева.

Аталған жиында Орталық азия, ТМД, АҚШ халықаралық ұйымдарының, жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың 250 өкілі қатысып жатыр.

Форум барысында Орталық Азиядағы азаматтық қоғам өкілдеріне берілетін Amazing People Prize сыйлығы тапсырылады.

Соңғы жаңалықтар