Алматыда аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Тұңғыш Президент және Тәуелсіздік күніне орай 2 мың азық-түлік жиынтығы бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыда Тұңғыш Президент және Тәуелсіздік күніне орай «Halyk» қорымен бірлесіп аз қамтылған отбасыларына 2 мың азық-түлік жиынтығын беру жоспарланып отыр»,- деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов.

Оның айтуынша, бұған дейін Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасы демеушілер мен меценаттардың қолдауымен аз қамтылған отбасылардан шыққан 541 467 адамға азық-түлік жиынтығы, киім, аяқ киім, кресло-арба, ыстық тамақ, ойыншықтар, үйге қажетті заттар, тұрмыстық техника, спорт секцияларындағы сабақ түрінде және тағы басқа қайырымдылық көмек көрсеткен.


Соңғы жаңалықтар