Алматыда аз қамтылған отбасыларға 5,5 млрд теңге бөлінеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде айтылған халықтың аз қамтылған тобына, оның ішінде көпбалалы аналарға қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасын орындау туралы жоспарды таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала басшысы ол үшін жергілікті бюджеттен 5,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінетінін атап өтті.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, әрбір қазақстандық отбасы реформа нәтижесін болашақта емес, дәл қазір сезінулері тиіс. Аз қамтылған азаматтардың табысын көтеру, баспанаға, сапалы білім мен денсаулыққа қолжеткізулері және өңірлерді дамыту үшін Президент қосымша 2 трлн теңге бөлуді тапсырды. Президент алға қойған әлеуметтік мәселелерді сапалы орындау үшін Алматыда нақтылы шаралар жоспары, оның ішінде «Бақытты отбасы» қалалық әлеуметтік бағдарламасы жасалды. Атап айтқанда, жеңілдетілген тұрғын үй ипотекасы, оқушылар мен студеттердің стипендиясы, әлеуметтік және бір реттік төлемдер, жұмыспен қамту бойынша көмек көрсетіледі. Жалпы, халықтың аз қамтылған тобына, оның ішінде көпбалалы отбасыларға кешенді қолдау көрсету үшін 5,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді», - деді Бауыржан Байбек.

Соңғы жаңалықтар