Алматыда айырбастау пунктінен 6 млн теңгені ұрлаған қарағандылық ұсталды
2018 жылғы 6 маусым 13:07

Алматыда айырбастау пунктінен 6 млн теңгені ұрлаған қарағандылық ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев брифинг барысында еліміздің бірқатар өңірлерінде қылмыскерлердің ұсталғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

А.Садубаев атап өткендей, істеген қылмысы үшін бұлтартпас жаза тағайындау және заңның үстемдік етуі - полицияның ең маңызды қағидаларының бірі. Осылайша Павлодар облыстық ІІД криминалдық полиция қызметкерлері 2014 жылы облыс аумағында адам өліміне қатысы бар, мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерді қолға түсірген.

Алматыда Қарағанды облыстық ІІД жедел қызметкерлері биыл сәуірде айырбастау пунктіне шабуылдап, шетелдік валютадағы жалпы сомасы 6 млн теңгені ұрлап кеткен қарағандылықты ұстады.

Шымкентте қаладағы ЖШС-лардың бірінде менеджерден 15 млн теңге сомасындағы қаржыны тартып алу кезінде көмекке келген жұмысшыны пышақтаған жергілікті тұрғын қолға түскен.

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT