Алматыда айыппұлы төленбеген көліктер айып тұрағына қойылып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы айыппұл төлемеген жүргізушілердің мүлкін тәркілеп, айып тұрағына қою шарасын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция «Борышкер» жедел профилактикалық акциясын бастап кетті. Бұл акцияның мақсаты - әкімшілік істер бойынша заңбұзушылықтың алдын алу, қордаланған айыппұлды өндіру.

«Полиция қызметкерлері прокуратура мамандарымен бірге «ПОТОК-М» мобильді кешенін қолдана отырып, әкімшілік айыппұл төлемей жүрген жүргізушілерді анықтай бастады. Алгоритм бойынша бұл көлік иесінен тәркіленіп алынып, айып тұрағына қойылады. Тек көлік иесі айыппұлдан құтылған жағдайда ғана көліктер қайтарылады» - деді полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.

Соңғы жаңалықтар