Алматыда аймақтық кәсіпкерлер палатасының директоры ауысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда аймақтық кәсіпкерлер палатасының басшысы ауысты. Қалалық мәслихаттың депутаты Артур Котенев жаңа директор қызметін атқаратын болды.

Осы лауазымды 2013 жылдың қазанынан 2014 жылдың шілдесіне дейін атқарған Ерлан Стамбеков өзінің жеке бизнесімен айналыспақ. Бірақ, ол аймақтық кеңестің мүшесі боп қала береді.

Жаңа басшы А.Котенев 2012 жылдан бері қалалық мәслихаттың депутаты, экономика және бюджеттік жоспарлау, төтенше жағдайлар бойынша комиссия мүшесі қызметін атқарып келеді, ҚР Президентінің алғысхатымен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар