Алматыда әйелді зорлаған үй-күйсіз ер адам ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда әйелге зорлық көрсеткені үшін іздеуде жүрген күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, іздеуде жүрген қылмыскерді Іле аудандық полиция қызметкерлері ұстаған.

«Күдікті жалдамалы пәтерін ауыстырмақ болып, туысқанының үйіне қонаққа барғанда ұсталды. Ол уақытша оқшаулау орнына қамалды. Күдіктіні іздестіру жұмыстары Алматы облыстық полиция Департаменті басшысы Мұрат Ұрымхановтың жеке бақылауында болды», - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, бұл оқиға туралы Немолчи.кз ұйымы жариялаған болатын. Аталған ұйымға көмек сұрап келген бойжеткен көшедегі үйсіз-күйсіз жүрген қаңғыбастың зорлап кеткені туралы хабарлаған.

Соңғы жаңалықтар