Алматыда әйелді қағып, мерт қылған полицей кінәсін толық мойындады
Алматы қалалық патрульдік полиция полкінің инспекторы Бақтияр Төлеутай жол-көлік оқиғасының мән-жайын айтты.
«Бүгін сағат 6:45 шамасында Өтемісұлы көшесімен оңтүстік бағытқа қарай кетіп бара жатқанымда, алдымдағы автокөлік солға қарай бұрылмақ болып, мен ол автокөліктен қашып, жол-көлік оқиғасын болдырмау үшін көлік жуу жаққа бұрылып кеттім. Сол кезде алдымда тұрған әйел адамды байқаусызда қағып кеттім», - деді ол.
Полицей кінәсін толық мойындады, ол марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтты.
Бұған дейін бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тіркелгені хабарланған еді. Іс Алматы Полиция департаментінің анықтау басқармасының өндірісінде. Жүргізушімен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, қайғылы оқиға 14 маусымда таңертең Алатау ауданында болған.