Алматыда әйелдерді тонап келген ұрылар ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы тек қана әйелдерді тонап келген екі жігітті ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олар көшенің қараңғылау тұсында әйелдердің сумкасын жұлып алып, қашып кетіп отырған.

Ұсталғандардың үстінен ҚР ҚК  191-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«20 жастағы ОҚО тумасы бұрын 5 рет адам тонаған. Олар көшенің қараңғылау тұсында әйелдердің сумкасын тартып алып әдеттенген. Сосын тапқан «олжасын» ол өз кәдесіне жаратып отырған. Ұсталған екінші 32 жастағы жігіт те бұрын ұрлық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған екен»,- деді Алмалы аудандық ІІБ басшысы  Данияр Мендебаев.

Полиция осы адамдардың әрекетінен зардап шеккендер болса 254-46-08, 254-46-12 телефондарына хабарласуын сұрайды. 

Соңғы жаңалықтар