Алматыда әйел тұрғындарды мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беремін деп алдаған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда тұрмысы төмен отбасыларға мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беремін деп алдаған алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық Полиция департаментінен мәлім еткендей, ұсталған М. есімді әйел алаяқтық әрекеті үшін бұрын сотталған болып шықты. Бұл жолы 60 жастағы әйел өзін саяси партия мүшесі ретінде таныстырып, адамдардың сеніміне кіріп, олардан ірі көлемде ақша алған.
«Алаяқтың арбауына түскендердің көбі өзінің таныстары. Араларында баспанаға мұқтаж емес, тіпті бақуаты тұратындары да бар. Олардың таныстарының сөзіне сенгені соншалық, кейбіреуі тіпті банктен несие де алған. Қаржыны тұрғындар алдын ала пәтер кезегіне тұру үшін берген. Адамдардан алынған қаржы көлемі 300 мың мен 1,5 теңгенің аралығында. Алайда, әккі келіншектің біреуге көмектесу деген ниеті болмаған. Оған алданғандардың ешқайсысы баспаналы болмады. Ал алаяқтық жолмен қолына түскен қаражатты әйел жеке пайдасына жұмсаған»,– дейді Алматы қаласы Бостандық аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.
Қазіргі таңда, күдіктінің осындай сегіз алаяқтық қылмысқа қатысты бар екені анықталды. ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-тармағы 4-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.
- Әлеуметтік желілерде жалған валюта сатылып жатыр - Stopfake
- Алматы облысының соты карантинге жабылды
- Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделі күйінде қалып отыр
- Алматыдан 517 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында жер сілкінді
-
Шуда жергілікті тұрғынның үйінен 17 келіден астам марихуана тұқымы табылды
-
Полицейді көлік капотында сүйреген ақмолалық 5 жылға сотталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам