USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Алматыда әйел кішкентай 3 баласымен бірге 9-қабаттан секіріп кетті

2021 жылғы 22 қараша 14:05
Бөлісіңіз:
Алматыда әйел кішкентай 3 баласымен бірге 9-қабаттан секіріп кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әйел кішкентай үш баласымен бірге 9-қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда бүлік кезінде зардап шеккен сарбаздардың жағдайы қалай Алматыда қару-жарақ дүкенін тонады деген күдікпен екі ер адам ұсталды Ақтөбеде коменданттық сағат талабын бұзған 81 адам ұсталды

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, «Жетісу» шағынауданында көпқабатты үйлердің бірінің терезесінен жас әйел үш баласымен бірге секіріп кетті.

«28 жастағы әйел мен оның 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш кішкентай баласы 9-қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Әйел мен екі баласы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды», - деп хабарлады полициядан.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері мен басқа да мән-жайларын анықтау мақсатында Алматы қаласы ПД-де жедел-тергеу тобы құрылды.

Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT