Алматыда аязға байланысты 27 қаңтарда мектептерде сабақ тоқтатылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Білім басқармасының бұйрығымен 27 қаңтар күні мектептерде сабақ тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы білім басқармасының шешімімен сенбі, 27 қаңтар күні 5-11 сынып оқушыларына сабақ тоқталды.

«Ауа температурасының -25 градусқа дейін төмендеуіне байланысты Алматы қаласында 27 қаңтар күні білім басқармасы басшылығының бұйрығымен 5-11 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды. 1-4 сынып оқушылары бескүндік оқу жүйесіне байланысты сенбі оқымайды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, синоптиктер осы апта соңында Алматыда аяз күшейетінін ескерткен болатын. Мамандардың болжауынша, жұма мен жексенбі күндері ауа температурасы күндіз -25, түнде -36 градусқа дейін түседі.

Соңғы жаңалықтар