Алматыда аязда жылусыз қалған «Таугүл» шағын ауданына жылу беріле бастады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда аязда жылусыз қалған «Таугүл» шағын ауданына жылу беріле бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, шағын ауданға жылу жеткізетін құбырдағы апат толығымен қалпына келтірілді.

Қазір жылу трассасына ыстық су жіберіліп жатыр. Комуналдық қызметтердің хабарлауынша, «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-нің апатты жою бригадасы жөндеу жұмыстарын түнімен жүргізген.

Жөндеу жұмыстары бірқатар қиындықтардың себебінен ұзаққа созылды. Атап айтқанда, зақымданған құбыр бөлігі басқа да жерасты коммуникация құралдарына жақын орналасқандықтан оны алып шығуға біраз уақыт жұмсалды.

Еске сала кетейік, Пятницкий мен Сүлейменов көшелерінің қиылысына жақын орналасқан аумақта диаметрі 500 мм болатын құбыр жарылған болатын. Осыған байланысты 1300 нысан жылыту жүйесінен ажыратылды.

Атап айтқанда, Новаи, Жандосов, Береговой, Рысқұлбеков көшелері аумағында орналасқан көпқабатты үйлер мен мекемелер жылусыз қалып, аталған аумақтағы мектеп пен балабақша жұмыстарын уақытша тоқтатты. Дегенмен, сағат 15-00-де жылу жүйесін өзге жүйеге қосу арқылы тұрғын үйлерге жылу берілді.

Соңғы жаңалықтар