Алматыда аяғы ауыр келіншек көшеде босанып қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда аяқ асты толғағы келген келіншек көшеде босанып қалды. Ол перзетханаға жетіп үлгермеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы түсіндіргендей, келіншектің көшеде босанып қалуының себебі - медициналық көмекке уақтылы жүгінбеген.

«Алматылық әйел өз уақытында медициналық көмекке жүгінбеді. Жағдайына мән бермеген. Жедел жәрдем қызметімен олар ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ана мен нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады», - деп хабарлады ведомстводан.

Абырой болғанда, қалалық №16 емхананың акушер-гинекологы келіншектің толғағы келген уақытта сол маңнан өтіп бара жатқан.

Ол дер кезінде көмекке келіп, баланы аман-есен босандырып алған.


Соңғы жаңалықтар