Алматыда автотұрақты тегін қолдана алатындар саны артты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Мобильді басқармасы коммуналды ақылы автотұрақты (автопрарктер, паркингтер) қолдану ережесіне өзгеріс енгізбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Электронды үкімет порталында қоғамның әлсіз топтарын қолдау мақсатында Алматыдағы ақылы автотұрақтарды тегін пайдалануға жеңілдіктер енгізілетіні туралы айтылған.

- өзге мемлекеттердің территориясында әскери ұрыста болған ардагерлер,

- мүмкіндігі шектеулі және туа біткен мүгедек баланың заңды қамқоршысы, өкілі,

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алған көпбалалы аналар,

- Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендер,

- электр көліктер осы жеңілдікті қолданатын болады.

Коммуналды ақылы автотұрақтарды тегін пайдалана алатындар санатына:

1) ҰОС ардагерлері мен өзге мемлекет территориясында әскери ұрыста болған азаматтар,

2) I және ІІ топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалардың заңды өкілдері,

3) «Алтын алқа» дәне «Күміс алқа» иегерлері көпбалалы аналар,

4) Семей ядролық сынақ палигонынан зардап шеккендер,

5) мемлекеттік қызметтік нөмірі бар автокөліктер, сары, көк және қызыл түсті дабыл жарықтары бар көліктер,

6) электромобильдер жүргізушілері жатады.

Аталған жобаны қоғамдық талқылау 26 наурызға дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар