Алматыда автотұрақ өртенді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қараусыз қалған автотұрақ өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 қыркүйек күні сағат16:56 шамасында Бостандық ауданы Рысқұлбекова көшесі, 35-мекенжайында автоұрақ өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенде қараусыз қалған тұрақта құрғақ ағаштар, қоқыстар мен ескі автодөңгелектердің жанып жатқаны белгілі болды. Дереу өрт оқпандары бағытталып, автоцистерналар гидранттарға орнатылды, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді»,- деп мәлім етті департаменттен.

Өрт сөндіру жұмыстарына 3 бірлік техника мен 13 маман жұмылдырылды

Қызыл жалын 40 шаршы метр аумақты шарпыды.

Өрт 17: 28 толықтай сөндірілді.


Соңғы жаңалықтар